"Педофилдерді химиялық кастрациялау жазасы енгізіле ме?" - деген сауалға омбудсмен Душанбеде 4 ақпанда өткен баспасөз конференциясында былай деп жауап берді:
"Жұмыс тобы бұл мәселені де талқылады. Түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Мұндай жазаның тағайындалар-тағайындалмасы әзірге белгісіз, өйткені біз дәстүрлі қоғамда өмір сүреміз".
Былтыр желтоқсанда Гиссар қалалық соты 12 жастағы қызға зорлық көрсеткен адамды ақтап шыққан соң, Тәжікстанда педофилдерге жазаны қатайту туралы талаптар жиі айтылып жүр. Сот шешімі тәжік қоғамында пікір-талас туғызды. Азаматтық қоғам белсенділері президент Эмомали Рахмонға үндеу тастап, балаларды сексуалды зорлықтан сақтауын сұрады. Үндеуге 54 ұйым қосылды.
2020 жылғы 9 желтоқсанда Гиссар соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған 32 жастағы жергілікті тұрғынды бес жылға соттап, кейін оны рақымшылықпен сот залынан босатты.
Судья қылмыс 2019 жылғы тамызда жасалғанын, ал рақымшылық туралы заң сол жылдың қазанында қабылданғанын, сол себепті сотталушыға рақымшылық жасалғанын айтқан.
Орталық Азияда Қазақстан бірінші болып педофилдерге химиялық кастрация қолдануға ресми түрде рұқсат берді.