Ссылки доступа

Джейми Флай Азат Еуропа/Азаттыққа басшы болып қайта тағайындалды


Джейми Флай
Джейми Флай

Азат Еуропа/Азаттықтың директорлар кеңесі Джейми Флайды медиакорпорацияның президенті әрі бас атқарушы директоры ретінде қайта тағайындады. Ол 15 ақпанда қызметіне кіріседі. 2020 жылы маусым айында қызметінен кеткен Флай Азаттықты қайта басқарады.

"Осындай күрделі кезеңде медиакорпорацияны басқару үшін Азаттық радиосының президенті қызметіне қайта оралғаныма қуаныштымын" деді Флай.

Ол індет пен өзге де қиындықтарға қарамастан объективті ақпаратқа зәру оқырмандарға хабар жеткізіп жатқан журналистер мен қызметкерлерімен мақтанатынын атап өткен. "Олармен жұмыс істеу мен үшін абырой" деді Флай.

Флай алғаш рет 2019 жылы тамыз айында Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті болып тағайындалған. Былтыр маусым айында отставкаға кетті. Оны қызметінен босату туралы шешімді АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігінің сол кездегі басшысы Майкл Пэк қабылдаған.

Флай - сыртқы саясат саласы бойынша маман. Ол Герман Маршалл қоры және АҚШ конгресінде қызмет істеген. АҚШ қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бірқатар лауазымды қызметтер атқарған.

Азат Еуропа/Азаттықтың президенті бола жүріп Флай көптеген ел үкіметін журналистердің құқықтарын бұзғаны үшін және БАҚ туралы заңды қатайтқаны үшін талай сынаған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – негізгі кеңесі Чехияның Прага қаласында орналасқан медиа компания. Сөз бостандығы шектелген 23 елде 27 тілде хабар таратады. Медиакорпорация АҚШ Конргесінің грантымен қаржыландырылады. Бюджеті USAGM арқылы бөлінеді.

XS
SM
MD
LG