Олар әдеттегідей Теміржол бекетінің алдында жиналып, Тәуелсіздік бульвары арқылы Ала-Тоо алаңына келіп, жаңа талаптарын айтты.
Акцияда Қырғызстанда коррупцияны жою, заңдылықты орнату мәселелерін көтерді. Қатысушылар қолдарына Конституция суретін, заңдылыққа шақырған жазулары бар плакаттарды көтеріп шыққан. Президент аппараты және үкімет тараптан акциядағы талаптарға қатысты пікір айтылмады.
"Баштан башта" қозғалысы ұйымдастырып келе жатқан "Заңдылық үшін!" шеруі 2020 жылдың қараша айынан бері әр жексенбі сайын ұйымдастырылып келеді. Оған негізінен қоғам белсенділері, бірқатар парламенттегі саясаткерлер қатысады.