Ссылки доступа

"Талибан" қозғалысының өкілдері Ашғабадқа барды


"Талибан" қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы молда Абдул Ғани Барадар бастаған делегация түркімен тарапының шақыруымен Түркіменстанға барды.

6 ақпанда Түркіменстан сыртқы істер министрлігінде мекеме басшыларының "Талибан" қозғалысының өкілдерімен кездесуі өтті деп хабарлайды Түркіменстан СІМ ресми сайты.

"Талибанның" Қатардағы өкілі Мухаммад Наим Вардак Азаттық радиосына бұл кездесу түркімен тарапының шақыруымен өткенін жеткізді.

Ауған басылымдары тәлібтер Түркіменстан жобасына қауіп төндірмейміз деп уәде берді деп жазып жатыр.

"Түркіменстанның Ауғанстандағы жобаларының жүзеге асуына біз мүдделіміз. ТАПҮ (Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан газ құбыры) секілді жоба және Түркіменстан мен Ауғанстанда жалғайтын темір жол жобасы Ауғанстанның экономикалық дамуына оң әсерін береді. Біз өз кезегінде ұлттық жобаларды қорғауға кепілдік береміз", - деп мәлімдеген "Талибан" қозғалысының өкілі Мохаммад Сухаил Шахин.

XS
SM
MD
LG