Ссылки доступа

Дағыстанда Росгвардия қызметкерлері ауыл басшысын полиция бөлімінде атып тастады


Дағыстанда Росгвардияның екі қызметкері 34 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен қамалды. Ол бір күн бұрын Махачкаладағы полиция бөлімдерінің бірінде атып өлтірілген.

Жергілікті басылымдар жазғандай, марқұм – Новолакс ауданы Новокули ауылының басшысы болған. "Кавказский узел" басылымы оқиғаға жер таласы себеп болуы мүмкін деп жазады. Ақпаратқа қарағанда, Абакар Каплановты ОМОН-да істеген егіз Курбановтар атқан. Марқұмға отыздан аса оқ тигені айтылуда.

Осы оқиғадан кейін Совет ауданындағы полиция бөліміне марқұмның 300-ден аса туысы мен танысы жиналған. Оларды республиканың ІІМ басшысы Магомед Абдурашидов тыныштандыруға әрекет жасаған.

XS
SM
MD
LG