Ссылки доступа

Тәжікстанның "Барки точик" энергохолдингі көмір үшін 10 млн доллар қарыз


"Барки точик" энергохолдингіне қарасты "Душанбе-2" жылу электр орталығы (ЖЭО) 2019 жылдан бері қолданып жатқан көмір үшін 10 млн доллар қарыз.

"Душанбе-2" ЖЭО жыл сайын 6 млн тонна көмір жағады және Тәжікстан орталығын 80% электр қуатымен қамтамасыз етеді.

"Фан-Ягноб" көмір кәсіпорнының директоры Фирузбек Сайфуллоев бірнеше жылдан бері қарызды өндіріп ала алмай жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл сумманың 6,2 млн доллары 2019 жылдағы қарыз.

"Барки точик" уәде беріп, бірақ толық соманы қайтармай келеді. Біз қызметкерлерге басқа кірістердің есебінен ақша төлеуге мәжбүрміз", - дейді Сайфуллоев.

"Душанбе-2" ЖЭО басшысы Умарали Ниёзов орталық былтыр Фан-Ягноб кенінен 29 млн долларға көмір алғанын, қарызды біртіндеп төлеп жатқанын айтты.

Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрлігінің мәліметіне қарағанда, абоненттер электр қуаты және жылу үшін "Барки точик" компаниясына 267,8 млн доллар қарыз.

"Душанбе-2" станциясын құруға 340 млн доллар жұмсалған, оның 331 млн доллары Қытайдан алынған. Тәжікстан қарызды төлеп біткенге дейін қытай тарапы бұл өлкедегі бірнеше кенді игеруге құқық алған.

XS
SM
MD
LG