Ссылки доступа

Мьянмада әскери төңкеріске қарсы ондаған мың адам наразылыққа шықты


Жексенбі, 7 ақпан күні бүкіл Мьянма бойынша ондаған мың адам 1 ақпандағы әскери төңкеріске қарсылық білдіріп, елдің халық сайлаған лидері Аун Сан Су Чжиді босатуды талап етті.

Бұл – 2007 жылы болған, демократиялық өзгерістерге әкелген Шафран төңкерісі кезінен бергі ең ірі наразылық акциясы.

Әскери хунтаға қарсы наразылықтың екінші күні Мьянманың ең ірі қаласы Янгонда көптеген адам қызыл жейде киіп, қызыл ту мен шар ұстап шықты. Олар осылайша Аун Сан Су Чжинге қолдау білдірді. Су Чжи лидері саналатын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясының (NLD) түсі де – қызыл.

Шерушілер "Әскери диктатураны қаламаймыз! Демократияны қалаймыз" деп ұрандатты.

Мьянма әскері 1 ақпан күні билікті басып алып, әскери төңкеріс жасады. Билік әскер басшысы 64 жастағы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Осыған дейін елдің де-факто лидері болып келген Аун Сан Су Чжи қамауға алынды.

Халықаралық қауымдастық әскердің бұл әрекетін демократиялық қарсы бағытталған деп айыптап, наразылық білдірді.

Наразылық акциясы кеше, 6 ақпан күні басталған. Оның алдында билікті басып алған әскерилер интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ бұл адамдардың ұйымдасуына кедергі бола алмады. Жексенбілік қарсылық акциясы одан да ауқымды болып шықты.

Адамдардың Янгонның түкпір-түкпірінде топ-топ болып жиналып, қала орталығындағы Суле пагодасына қарай шерулетті. 2007 жылғы наразылық та осы жерде өткен.

"Әскери бәтеңкенің астында өмір сүргіміз келмейді" деді 29 жастағы наразы И Инь.

Интернеттің бұғатталуына қарамастан, кейбіреулер Facebook желісінен тікелей эфирге шығып үлгерді. Желі қолданушылары Жексенбі түстен кейін интернет байланысы қалпына келгенін хабарлады.

Мьянма астанасы Нейпьидодағы әскери хунта наразылық жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Астанасы Янгоннан 350 шақырым жерде орналасқан.

Наразылық акциялары елдің ең ірі деген екінші қаласы Мандалай мен өзге өңірлерінде де өткен.

Шерулер негізінен бейбіт сипатта өтті. Бірақ қаланың оңтүстік-шығысында полицейлер екі жүздей шерушіге бас салғанда атыстар естілді.

Жүздеген шеруші Карен штатының оңтүстік-шығысында орналасқан Паятонзу қаласының полиция бөлімі сыртында түнеді. Олар NLD партиясының өкілдері осы полиция бөлімінде қамалып отыр деп санады.

Интернет бұғатталып, ресми ақпарат тарамаған соң, Аун Сан Су Чжиннің тағдыры жөнінде қауесет тарай бастады. Арасында тіпті Су Чжин босатылды деген ақпар тарап, шерушілер тойлата бастаған. Бірақ саясаткердің адвокаттары бұл ақпаратты дереу терістеді.

75 жастағы Су Чжин 6 рация құрылғысын заңсыз импорттады деп айыпталып, 15 ақпанға дейін полиция бөлімінде ұсталмақ. Адвокаты Су Чжинде жолығуға мүмкіндік берілмей жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG