Ссылки доступа

Тәжікстанда шетелге шыға алмайтындардың тізімі 300 адамға толықты


Тәжікстанда қарызы үшін елден шыға алмайтындардың тізімі тағы 300 адамға толығып, барлығы 2600-ге жетті.  

Ресми мәлімет бойынша, тізімге енген азаматтардың банк алдында берешегі бар немесе алимент төлемеген. Олардың арасында жеке компаниялардың басшылары да бар.

Қарызы барлардың дені тұрақты жұмыс орны жоқ екенін айтады. Былтыр пандемияға байланысты Ресейге жұмыс істеуге бара алмай қалған. Сол себептен олардың қарызы көбейген. Енді шекара ашылған күннің өзінде олар шетелге шыға алмайды.

"Қарызын толық жапқаннан кейін "қара тізімнен" шығарылады. Олардың қарызы 5 мыңнан 30 мың сомони арасында. Бұл тізімде алимент төлеуден қашып жүрген әкелер де бар", - деді үкімет жанындағы Атқару қызметінің өкілі Назирджон Насими.

XS
SM
MD
LG