Ссылки доступа

Бішкекте жолдар қытайдың ақшасына жөнделетін болады


15 наурызда Бішкекте Қытай гранты есебінен жолдарды жөндеу жұмысының екінші кезеңі басталады. Бұл жөнінде Бішкек әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспарға сәйкес, биыл 43 көше, 2022 жылы 17 көше жөнделмек.

Сонымен бірге 2 жылда 5 көпір салу жоспарда бар.

Көптеген көшелер кеңейтіліп, қайтадан салынады.

Келісімге сәйкес, 44 млн доллар грант бөлінген.

Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін өткізілген тендерде Қытайдың Сhina Road and Bridge Corporation компаниясы жеңіп алған. Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңінде 7 көпір салынып, 49 көше жөндеуден өткен.

XS
SM
MD
LG