Ссылки доступа

Сох анклавында аэродром құрылысы басталды


Ферғана облыстық әкімдігі 8 ақпанда Сох ауданында аэродром құрылысы басталғанын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, 4,5 гектар жерге салынатын аэродромның ұшу-қону жолының ұзындығы 650, ені 100 метрді құрайды. 12 млрд сумға (1,1 миллион доллар) бағаланған нысан биыл мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

2020 жылы мамыр айында Кадамжайдың Чечме ауылы мен Өзбекстанның Сох ауданы Чашма ауылының тұрғындарының ортасында бұлақ суына жанжал шыққан. Онда 187 өзбекстандық әртүрлі жарақат алып ауруханаға түскен. Олардың үшеуіне мылтықтың оғы тиіп, бірнеше үй өртенген.

Қырғызстан тарабы болса 25 адам түрлі жарақат алып, екі адам ауыр жағдайда ауруханаға түскенін жеткізді.

Кейін Өзбекстанда "2020-2021 жылдары Сох ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде" арнайы бағдарлама қабылданды.

XS
SM
MD
LG