Оның сөзінше, өтемақыны алты мемлекеттік қызметкердің және екі әскери қызметкердің туыстары алды. "Мемлекеттік қызметкерлердің туыстары сақтандыру бойынша сегіз айлық көрсеткіш көлемінде, әскери қызметкерлердің туыстары 6 мың сомони (530 доллар) көлемінде өтемақы алды", - деді Максудзода.
"Тажиксугуртаның" басшысы өлкенің "Сақтандыру туралы" заңына коронавирустан сақтандыру бойынша өзгертулер енгізгенін жеткізді. Сақтандырудың бұл түрі мемлекеттік шенеуніктер мен әскери қызметкерлер үшін міндетті болып есептеледі.
Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі 7 ақпандағы есеп бойынша елде коронавирус жұқтырғандар 13 308-ге жетіп, 90 науқас қаза болғанын мәлімдеді.
Бірақ бұл мәліметтерге тұрғындар сенбейді. Биресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы коронавирустан кемінде 450 тәжікстандық көз жұмған.
Тәжікстанда 20-ға тарта сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Олардың екеуі — "Тажиксугурта" мен "Тажиксармоягузор" мемлекеттік болып есептеледі.