Ссылки доступа

Қырғызстанда Кавасаки синдромы белгілері байқалған балалар саны 28-ге жетті


Қырғызстанда Кавасаки синдромы белгілері байқалған балалар саны 28-ге жетті. Бұл туралы 9 ақпанда Азаттықтың Қырғыз қызметіне Ана және баланы қорғау ұлттық орталығының директоры Камчыбек Узакбаев хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, олардың 15-іне диагноз қойылған.

"Өкінішке қарай, бұл балалар жазда коронавирустың жеңіл симптомсыз түріне шалдығып, суық түскенде постковидтік синдромға шалдыққан. Олардың арасында Кавасаки синдромына да шалдыққандар да бар. Бақытымызға орай, барлығы жазылып жатыр" деді ол.

9 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 150-ден астам бала ауруханада коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 20-ының жағдайы ауыр.

Мамандар Кавасаки синдромын "мультижүйелік қабыну синдромы" деп те атайды. Олар оны "жүрек, өкпе, бүйрек, ми, тері, көз, ас-қорыту жүйесі сияқты ағзаның әртүрлі бөлігінің қабынуы" деп түсіндіреді. Мультижүйелік қабыну синдромы бар балалардың дене қызуы көтеріліп, ауырсыну сезімі, құсу, іші өту, мойны ауыру, денесі бөрту, көзі қанталау, шаршау сияқты әртүрлі белгілер пайда болуы мүмкін.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясымен ауырған 43 балада Кавасаки синдромы тіркелген. Екі бала осы синдромнан көз жұмған.

XS
SM
MD
LG