Ссылки доступа

CPJ Ташкентті коррупцияны көтеріп келген блогерлерді босатуға шақырды


"Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) Өзбекстан билігін блогерді босатуға шақырды. Аталған ұйымның пікірінше, блогер коррупция тақырыбын көтеріп жүргені үшін қамауға алынған.

Отабек Саттори биыл 29 қаңтарда Термез қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан ұсталған. Ол бопсалау бойынша күдікке ілінген.

Саттори қазір тергеу абақтысында. Егер айыбы дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Өзбекстан билігі тезарада блогер Отабек Сатториді босатып, оған қарсы тағылған айыптардың бәрін алып тастасын", - деп мәлімдеді 8 ақпанда CPJ бағдарламасының Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Гульноза Саид.

"Коррупция тақырыбында репортаж жасаған журналистер мен блогерлерді қуғындап, олардың конституциялық құқығын бұзып жатыр. Өзбекстанда журналистер өзіне айып тағылады деп қорықпай, міндетін еркін атқара білуі тиіс", - деді Саид.

40 жастағы Саттори Сұрхандария облысының басшысын сынаған материалдар әзірлеген.

Саттори Telegram және YouTube каналынан "Халқ фикри" ("Халық пікірі") видеоблогын жүргізген.

XS
SM
MD
LG