Ссылки доступа

Тәжікстанда ірі банктердің бірінен қаржылық алаяқтық анықталды


Сироджиддин Икроми
Сироджиддин Икроми

"Амонатбанк" төрағасы Сироджидин Икроми 9 ақпанда ішкі аудит жүргізіліп, ақша ұрлау фактілері анықталғанын, барлық материалдар есеп палатасы мен бас прокуратураға жіберілгенін мәлімдеді.

"Амонатбанк" төрағасы банк қанша қаражат жоғалтқанын анықтаған жоқ, бірақ бұл сома банк активтерінің бір процентін де құрамайды деді. Оның сөзінше, былтыр 31 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша банк активтері 4,9 млрд сомони болған.

Өткен аптада Тәжікстан есеп палатасы "Амонатбанктен" 41 млн сомони көлемінде қаржылық алаяқтық анықталғанын мәлімдеген. Мекеме ақша клиенттердің жеке есебінен алынғанын растаған.

Ақпаратқа қарағанда, бүгінгі күні 23, 6 млн сомони өндірілген.

Банк филиалдарының бірінші басшысы мен есепшісі қазір қамауда отыр.

"Амонатбанктің" бірқатар қызметкерлері осыған дейін де ақша ұрлады деп айыпталған.

"Амонатбанк" - бюджеттік қызметкерлерге айлық және зейнеткерлерге зейнетақы төлеп келе жатқан Тәжікстандағы ірі банк. 75 филиалы және 546 төлеу орталығы бар.

XS
SM
MD
LG