Ссылки доступа

БҰҰ: Солтүстік Корея санкцияға қарамастан ядролық бағдарламасын дамытқан


Солтүстік Корея 2020 жылы халықаралық санкцияларды бұзып, ядролық бағдарламаларды дамытып және баллистикалық зымырындарды дамыту бағдарламасын әзірлеп, оларды хакерлік шабуылдардан түскен 300 миллион доллардың есебінен қаржыландырған.

Бұл туралы БҰҰ-ның құпия баяндамасында айтылады. Құжатпен Reuters агенттігі танысып шыққан.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ақ үй одақтастарымен бірге Пхеньянға қысым көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеп жатқанын жеткізді.

Құрама Штаттардың бұрынғы президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынмен 2018-2019 жылдары кездесіп, Пхеньянды ядролық қарудан бас тартуға көндіре алмады. Былтыр Солтүстік Корея жақын және орта қашықтықтағы, сонымен бірге континентаралық жаңа баллистикалық зымырандарды сынаған.

БҰҰ баяндамасында ұйымға мүше аты аталмаған өлкенің бағасына қарағанда, Солтүстік Кореяның ядролық қаруы ірі, орта және жақын қашықтықтағы баллистикалық зымырандарға орналасуы мүмкін екені жазылған.

2020 жылы ядролық және баллистикалық зымырандарға сынақ болмағанымен, Пхеньян зымырандардың басына орналастыратын қару мен ядролық қаруды өндіре бастағанын жариялаған.

БҰҰ-дағы Солтүстік Кореяның өкілі баяндамаға қатысты пікір білдірмеді.

2018 жылы Солтүстік Корея Пунгери ядролық сынақ алаңындағы "туннелдер мен шахталарды" бұзып, ядролық қарулануды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген. Бірақ БҰҰ-ның аты аталмаған мүшесі бұл нысандарда әзірге жұмысшылар бар екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG