Ссылки доступа

Тәжікстанда наразылыққа шыққан тұрғындар бірнеше жылға сотталды


Зардап шеккен ауданның тұрғындары бірнеше сағат бойы Бохтар-Душанбе көшелерін жапты, 17 мамыр, 2020 жыл.
Зардап шеккен ауданның тұрғындары бірнеше сағат бойы Бохтар-Душанбе көшелерін жапты, 17 мамыр, 2020 жыл.

Былтыр Хатлон облысы Хуросон ауданында болған селден зардап шегіп, биліктің әрекетсіздігіне қарсы шыққан ондаған адам жақында жауапқа тартылды. Наразы тұрғындар 17 мамырда Бохтар-Душанбе тас жолын бірнеше сағатқа жауып тастаған еді.

Сот шешіміне сәйкес, наразылық акциясына қатысушы бес адам бұзақылық жасады деп айыпталып, бір жарым жылға сотталды. Тағы бесеуі, оның ішінде үш әйел 5800 сомони (515 доллар) көлемінде айыппұл төлейді. Тәжікстан Жоғарғы сотының мәліметінше, сот үкімі былтыр қараша айында шыққан. Үкім күшіне енген.

Белгілі болғандай, сот шешіміне сәйкес, Махмадкарим Хасанов, Мухаммадраджаб Икромов, Сайидрахмон Икромов, Кароматулло Музаффаров және Хусейн Музаффаров 1,6 жылға абақтыға қамалған.

2020 жылдың 14-16 мамырында қатты жауынның салдарынан Хатлон облысының бірнеше ауданын су басып, екі адам қайтыс болған. 14 үй құлап, 35-не зақым келген.

Биліктің әрекетсіздігіне наразы болған тұрғындар 17 мамырда Бохтар — Душанбе жолдарын жапқан. Милиция қызметкерлері оларды күшпен тарқатқан.

XS
SM
MD
LG