Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекеттік телеарна өзін-өзі қаржыландыруға көшеді


Түркіменстанның телевидение, радио және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитет біртіндеп өзін-өзі қаржыландыруға көшеді. Осылай деп Trend хабарлайды.

Бұл мәселені ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов көтерді.

ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, 7 ақпанда ел президенті мәдениет және ақпарат құралдары саласына қатысты жиналыс өткізген. Онда мекемені кезең кезеңмен өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіруге тапсырма берген.

Бұл Түркіменстанда ұзақ жылдарға созылып келе жатқан экономикалық дағдарыс кезінде болып жатыр. Қаңтар айының басында елдегі бірнеше газеттер мен журналдар біріккен. Кейіннен бірқатар басылымдарда бас редактордың орынбасары деген қызмет жойылды.

Қазір Түркіменстанда газеттер мен журнала сандық форматқа көшіп жатыр.

Мұнан бөлек ел президенті 7 ақпанда өткен жиналыс кезінде БАҚ қызметкерлерін новаторлық қабілетті арттыруға шақырған.

XS
SM
MD
LG