Жергілікті БАҚ мәліметінше, мобилдік қосымшаның авторлары Ташкенттің мемлекеттік шығыстану университеті мен Амити университетінің студенттері.
Бұл жақын уақытта App Store және Play Market платформасы үшін қолжетімді болмақ. Оған интерактивті ойындар да енгізілген.
Қосымша арқылы өзбек ақыны әрі ойшылының шығармасын қаншалықты жақсы білетінін анықтауға болады.
9 ақпанда Өзбекстанда Алишер Навоидің 580 жылдығын атап өту шарасы басталды.