Ссылки доступа

Қырғызстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды


Жогорку Кеңеш сайтында Қырғызстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.

Былтыр 17 қарашада елдің жаңа Ата заңының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған.

80 депутат бастамашы болған. Бұл жобада президенттің құзыретін кеңейткен: ол орындаушы билікті басқарады, министрлер кабинетінің құрылымын анықтайды, президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің құрамын тағайындайды және оларды басқарады.

10 қаңтарда өткен референдум кезінде көпшілік дауыспен президенттік басқару жүйесі қабылданған.

Азаматтық белсенділер жаңа Конституцияны талқылау тәртібі бұзылып жатыр деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG