Ссылки доступа

Өзбек үкіметі "үш Өзбекстанға жететін газдың" халыққа неге жетпей жатқанын түсіндірді


Министр энергетики Алишер Султанов.
Министр энергетики Алишер Султанов.

Өзбекстанның энергетика министрі Әлішер Сұлтанов "Америка дауысына" берген сұқбатында елде "үш Өзбекстанға жететін газ өндіріледі" деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 95 млн халқы бар Түркия мен 35 млн халқы бар Өзбекстан жылына 45 млрд текшеметр газ тұтынып отыр.

Әлішер Сұлтанов кейбір аудандарға газ құбыры тартылған күннің өзінде газ құбырындағы қысым жеткіліксіз бола береді дейді.

"Сол себепті энергия тиімділігі біздің болашақтағы ұранымызға айналуы тиіс. Басты реформа - энергияны үнемдеу", - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, әрбір ата-ана балаларын су мен жарықты үнемдеуге үйретуі тиіс. Өзбекстандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 70 пайызында қуатты үнемсіз пайдаланатын құрылғы орнатылған. Өзбекстан қажетті энергия көлемін кем дегенде 3-4 есе азайта аладыр, дейді министр.

XS
SM
MD
LG