Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейге екі ел арасындағы әуе қатынасына рұқсат беруді ұсынды


В московском аэропорту "Внуково"
В московском аэропорту "Внуково"

Мәскеуде Тәжікстан мен Ресейдің экономикалық әріптестігі жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. 7-8 ақпанда екі елдің делегациялары әріптестік, соның ішінде сауда және экономика саласындағы байланыс мәселелерін талқылады.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тәжік премьер-министрі Кохир Расулзода мен Ресей вице-премьері Алексей Оверчук екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға келісті. Атап айтқанда, Тәжікстан ауыл шаруашылығының сапасы жоғары өнімдерін Ресейге жеткізуді көбейтеді.

Душанбе Мәскеуге кейбір тәжік кәсіпорындары базасында бірлескен кәсіпорындар ашуды ұсынды. "Делегациялар жүк тасымалын арттыруға келісті. Тәжікстандағы санитария және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, Душанбе Ресейге екі ел арасындағы әуе қатынасын ашуға рұқсат беруді ұсынды" делінген сыртқы істер минстрлігінің хабарламасында.

Бірақ бұл ұсынысты Ресейдің қолдаған-қолдамағаны туралы ештеңе айтылмады.

Коронавирус пандемиясы кезінде тәжік мигранттарының шамамен 80 пайызы Ресейге бара алмай қалды. Тәжікстан азаматтарына Ресейге кіруге тыйым салынған.

Комиссия отырысы қарсаңында Ресейдегі кейбір ақпарат құралдары Мәскеу жиналыста Тәжікстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін көтеруі мүмкін деп жазған.

Ресей Тәжікстанның басты сауда әріптестерінің біріне айналды. 2020 жылғы 11 айда екі ел арасындағы сауда айналымы 721 млн доллар болған.

Пандемияға дейін Ресейдегі тәжік мигранттары жыл сайын елге шамамен 3 млрд доллар жолдап отырған.

XS
SM
MD
LG