Ссылки доступа

Бішкек мэрін сайлау: муниципалитет ғимараты алдында наразылық акциясы өтіп жатыр


Бішкекте қала әкімшілігі ғимаратының алдында наразылық акциясы өтіп жатыр. "Азаттык" тілшісінің хабарлауынша, 30-ға жуық адам мэр қызметін атқарушыны ауыстыруын талап етті.

Олар "Руслан Тагаев мэр қызметіне лайық" деп жазылған плакаттар ұстап тұр.

9 ақпанда қала мэрі қызметін атқарушы болып Эрмек Нұрғазиев тағайындалды. Бұның алдында ол "Эмма строй" құрылыс компаниясының бас директоры болған. Менеджердің жаңа қызметке тағайындалуын көпшілік сынады. Олар Нұрғазиевтің наразылық акциясы кезінде әйелге қол көтергенін ескерткен.

10 ақпанда таңертең премьер-министр Ұлыкбек Марипов шешімді өзгертіп, қала басшысы ретінде Шу облысының экс-губернаторы Бақтыбек Құдайбергеновті тағайындаған.

2018 жылы "Азаттык" радиосы құрылыс саласындағы жемқорлық туралы зерттеу жариялаған. Онда Эрмек Нұрғазиевтің де есімі аталған.

Президент Садыр Жапаров Бішкек мэрі қызметіне бұған дейін бұзақылық пен мүлік дауына қатысы бар адамның тағайындалуын қолдамайтынын әлеуметтік желіде жазған.

XS
SM
MD
LG