Ссылки доступа

Тәжікстан қырғыз шенеуніктерінің Төрткүл су қоймасына қатысты мәлімдемесіне жауап берді


Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Төрткүл су қоймасына қатысты мәлімдеме таратты.

Сыртқы істер министрлігі тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жұмысы әлі аяқталмағанын еске салған. Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметтерінің бұл мәселеге қатысты келіссөздері әлі жүріп жатыр.

"Жогорку Кенеш депутаттары сөз еткен жер халықаралық құқық ережелері бойынша делимитацияланбаған жерге жатады. Даулы жерді бір мемлекеттен екіншісіне беру туралы әңгіме көтерілмеуі тиіс. Министрлік көрші елдің саяси қайраткерлеріне тәжік-қырғыз шекарасына қатысты мәлімдемені абайлап жасауға үндейді, өйткені жалған мәліметтер бауырлас елдердің шекарасында жанжал туғызуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 ақпанда қырғыз премьер-министрі Ұлықбек Марипов парламентте сөйлеп, су қоймасын толтыратын арналардың бірі Тәжікстанға өтті деп мәлімдеген. Кейін үкімет Мариповтың бұл мәліметін жоққа шығарып, арнаның Қырғызстанға тиесілі екенін хабарлады.

Төрткүл су қоймасы Қырғызстанның Баткен облысында орналасқан.

XS
SM
MD
LG