Ссылки доступа

Ташкент милициясы "Малика" базарында сақалдыларға қарсы рейд өткізді деген мәліметті жоққа шығарды


Ташкентский предприниматель Джамолиддин Мухаммаджон, которого в августе 2019 года насильно заставили сбрить бороду.
Ташкентский предприниматель Джамолиддин Мухаммаджон, которого в августе 2019 года насильно заставили сбрить бороду.

Ташкент қаласының ішкі істер бас басқармасы "Малика" базарында "сақал қойып, намаз оқитын кәсіпкерлерге қарсы рейд" өткізді деген мәліметті жоққа шығарды.

9 ақпанда "Малика" базарының бірнеше саудагері "Озодликке" хабарласып, 5 ақпанда милиция жүргізген "түсіндіру жұмыстары" кезінде рлар саудагерлерді сақалын қыруға мәжбүрлегенін айтты.

– Саудагерлердің бәрін маска тақпады деген желеумен базар әкімшілігінің ғимаратына кіргізді. Онда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, аудандық милиция бөлімінің қызметкерлері отырды. Олар саудагерлерге: "Сақалды өз еріктеріңмен қырасыңдар, әйтпесе біз қырып тастаймыз", - деп айтты. Біз талапты орындауға мәжбүр болдық, - дейді базардағы саудагерлердің бірі.

"Малика" базарындағы милиция рейдін тағы екі саудагер растады.

– Мен оларға: "Ер азаматқа сақал қоюға тыйым салатын заңды көрсет, содан кейін ғана қырынам", - дедім. Олар мұндай заңды көрсете алмады. "Сақалыңды қырасың, немесе реттейсің", - деген талап қойды. Кәсіпкерлер мұндай талапқа наразы болды. Бірақ саудагерлердің бәрі базарға қысқа сақалмен келіп жүр, – дейді тағы бір кәсіпкер.

"Малика" базарында бұған дейін де осындай рейд болған. 2019 жылғы тамызда болған тексеруде милиция сақалды бірнеше саудагерді ұстап әкеткен. Сол кезде биліктің бұл әрекетін әлеуметтік желіде қатаң сынаған.

XS
SM
MD
LG