Ссылки доступа

Қарақалпақстанда 280 мың гектар жерге қорық құрылды


Мойнақтағы Судочье көлі
Мойнақтағы Судочье көлі

Өзбек үкіметінің шешімімен Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында 280 507 гектар жерге "Судочье-Акпетки" деп аталатын қорық құрылды. Бұл туралы елдің Экология бойынша мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорықты құрудың басты мақсаты — су жиегіндегі ландшафтты, каналдарды, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан балықтарды, құстарды, сүт қоректілерді қорғау және көбейту.

Үкімет қаулысында Экология комитетіне жыл соңына дейін Судочье көлін халықаралық мәндегі сазбалшық жерлердің тізіміне (Рамсар конвенциясы) кіргізу туралы тапсырма берілгені жазылған.

Бүгінгі күнде Өзбекстанда алты мемлекеттік қорық, бір ландшафтты қорық, алты табиғи саябағы, бір ұлттық саябақ, 11 табиғат ескерткіші, екі биосфералық қорық, 12 қорықша және бір арнайы питомник бар.

"Судочье-Акпетки" қорығының құрылуымен жалпы алаңы 3,521 миллион гектардан 3,801 миллион гектарға дейін көбейеді. Бұл Өзбекстанның жалпы жер көлемінің 8,46% құрайды.

XS
SM
MD
LG