Ссылки доступа

Қырғызстанда мүфти ұсталды


Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитет (ҰҚМК) Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының бас есепшісіне (Ж.Б.) қарсы жүріп жатқан сотқа дейінгі тергеуден кейін қызметінен кетіп жатқан мүфти Мақсат қажы Токтомушев ұсталғанын хабарлады.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі 10 ақпанда кешкісін хабарлады.

Арнайы қызмет мәлімдегендей, қажылық сапарға барушылар тарапынан берілген қаражатты пайдалануға экс-мүфтидің қатысы дәлелденген.

Мақсат Токтомушев қазір арнайы қызметтің тергеу абақтысына қамалған.

ҰҚМК осыған дейін мүфтият жетекшілігі садақадан түскен 100 миллион сомнан артық ақшаны жеке қаржылық ұйымдарға несиеге беріп, ай сайын пайыздық үстемақы алып, жеке мақсаттарына жұмсағаны анықталғанын мәлімдеген.

Осыдан кейін дін өкілдері бұл мәліметті жасырып, істі тоқтату үшін ҰҚМК қызметкерлеріне 100 мың доллар пара ұсынғаны белгілі болған.

Смотреть комментарии

XS
SM
MD
LG