Қаулыға сәйкес, адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау үшін өлкенің ішкі істер министрлігі, бас прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, жұмыспен қамту және еңбек министрлігі, сыртқы істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және дипломатиялық елшіліктер мен консулдықтар айналысады.
Ақпаратқа қарағанда, алғашқы идентификациялау жұмысы адам саудасының құрбандарымен сұқбаттасудан басталып, оларға медициналық көмек, заңдық кеңес көрсетіледі.
Идентификациялаудың соңғы кезеңі Адам сатуға және мәжбүрлеп жұмыс істетуге қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиямен бірлесіп жүргізіледі.