Ссылки доступа

БАҚ: Джорджия штатында Трампқа қарсы тергеу бастады


Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ-тың Джорджия штатының прокуратурасы өлкенің бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы тергеу істерін бастады. Бұл туралы The New York Times басылымы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, прокурорлар Трамптың аймақтағы президент сайлауының қорытындысын жоққа шығаруға әрекет етіп, штаттың мемлекеттік хатшысына қоңырау шалғаны бойынша тергеу жүргізіледі. Бұл үшін аймақтық прокурор экс-президенттің телефон соққанын дәлелдейтін құжаттарды сақтау үшін штаб жетекшіліне хат жолдады.

Жергілікті прокуратура Трамп телефон сөйлесуінде мемлекеттік хатшыға қысым жасап, өз жеңісі үшін басым дауыс "тауып беруді талап еткен" дейді.

XS
SM
MD
LG