Ссылки доступа

МАГАТЭ: Иран уран өндіре бастады


Иран металл уранын өндіре бастады. Осылай деп Associated Press Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) жетекшісі Рафаэль Гроссиге сілтеме жасап хабарлады.

Associated Press агенттігінің жазуынша, МАГАТЭ елдері қатысушыларымен кездесу кезінде Гросси Исфахан зауытында үш жарым граммнан артық металл ураны анықталғанын айтқан. Мұны агенттіктің инспекциясы растаған.

Металл уранын атом бомбасын жасау үшін пайлаланады. 2015 жылы оған тыйым салынған болатын. Алдын Иран уранның мұнай түрін өндірумен айналыспаған дейді Associated Press.

Қаңтар айында Ирандағы МАГАТЭ өкілдігі тегерандық реактор үшін ғылыми-зерттеу мақсатында жаңа жанармай өндіріліп жатыр деп мәлімдеген.

2015 жылы алты мемлекет (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция) Иранмен ядролық келісімге келген. Келісімде Иранда ядролық бағдарламаға және ядролық қаруды сату мен сатып алуға уақытша шектеу қойылу қарастырылған. Осы келісімнен кейін Тегераннан халықаралық санкциялар алынып тасталған.

2018 жылы АҚШ бұл келісімнен біржақты шығып кетті. Бұл келісімге қатысушы елдер тарапынан қарсылық болған. Тегеран бұған жауап ретінде өз міндеттерін орындаудан біртіндеп бас тартатынын мәлімдеген.

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден әкімшілігі Тегеранмен ядролық келісімді қайта қарауға дайын екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG