Ссылки доступа

Душанбеде Ислам институтының құрылысы тоқтады (видео)


Строительство Исламского института в Душанбе "заморожено"

Душанбеде Ислам институтының жаңа ғимаратының құрылысы тоқтап қалды. 2018 жылы басталған құрылыс биыл аяқталуы тиіс еді.

Ислам институтының ректоры Тоджиддин Асомуддинзоданың айтуынша, құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуіне коронавирус пандемиясы себеп болған, одан соң құрылыс қаржы тапшылығына байланысты тоқтаған. "Жаңа ғимаратқа 2022 жылы көшетін шығармыз", - дейді ректор.

Ғимарат құрылысы 130 млн сомони (шамамен 11,4 млн доллар) деп бағаланған. Тәжік билігінің мәлімдеуінше, ислам институтының жаңа ғимаратында бір уақытта 1,5 мың студент оқиды.

Қазір Ислам институтында 879 студент бар.

Тәжікстанда 20 медресе тіркелген. Бірақ олар уақыт өте келе жабылып, Душанбеде ислам институты ғана қалды.

Сарапшылар Тәжікстанда діни білім "дұрыс ұйымдастырылмаған" деп есептейді.

"Жүздеген студент Ислам институтын бітіреді, бірақ олар жұмысқа тұра алмай жүреді", - дейді дін мәселелері жөніндегі сарапшы Фаридун Ходизода.

XS
SM
MD
LG