Ссылки доступа

Өзбекстанда экология комитетінің баспасөз хатшысының қызметтен кетуін бірінші вице-премьерден көрді


24 октября 2019 года Ачилбай Раматов (справа) отчитался президенту Мирзияеву о завершении строительства первой станции наземной линии Ташкентского метрополитена.
24 октября 2019 года Ачилбай Раматов (справа) отчитался президенту Мирзияеву о завершении строительства первой станции наземной линии Ташкентского метрополитена.

Өзбекстандағы Gazeta.uz алты күн бұрын жарияланған "Марқұмдардың туыстарына өтемақы толық берілмеді" деп аталатын мақала ашылмай қалды.

Материалда 2019 жылы Юнусабадтағы метро құрылысында болған апаттан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы толық төленбегені туралы айтылған.

Журналистердің айтуынша, редакцияға жоғарыдан қысым жасалған. Олар мақаланы алып тастауды талап еткен. Қысым ​«Узбекистон темир йуллари» АҚ кеңесінің мүшесі, премьер-министрдің орынбасары Ачилбай Раматов таратыпан жасалған делінеді.

8 ақпанда журналист Бунёд Абдуллаев Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау және экология жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз хатшысы қызметінен кеткенін хабарлады. Абдуллаев бұны Көлік министрлігінің қысымымен байланыстырды.

"Екі апта бұрын маған Өзбекстан көлік министрлігінен хабарласты. Ол өзін Раматовтың кеңесшісімін деп таныстырып, премьер-министр орынбасарының жақсы имиджін қалыптастыру үшін ерекше штаб құрылғанын айтып, апта сайын осыған қатысты тақырыптарды бекітуге жіберуімді талап етті", - деді Абдуллаев Kun.uz басылымына берген сұхбатында.

Экология комитеті мен Өзбекстанның министрлер кеңсесі Абдуллаевтың айыптауларына қатысты мәлімдеме жасамады.

XS
SM
MD
LG