Ссылки доступа

Ресей дәрігерлері Тәжікстандағы эпидемиологиялық жағдайға баға береді


Ресейдің бір топ маманы Тәжікстанға келіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайға баға береді. Бұл жөнінде Ресей үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей мамандарының Тәжікстанға сапарын Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен тәжік премьер-министрі Кохир Расулзода Мәскеуде үкіметаралық комиссияда талқылаған.

Тәжікстан билігі 2021 жылғы қаңтарда елде коронавирус жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай мәлімдемеге Ресей билігі күмәнмен қараса керек, енді олар өз мамандарын Тәжікстанға жіберіп отыр.

Бұның алдында Тәжікстан Мәскеуден екі ел арасындағы әуе қатынасын ашуын сұраған еді.

Тәжікстан шетелмен әуе қатынасын былтыр 20 наурызда жапты. Ресейдегі көптеген еңбек мигранты елге орала алмай қалды. Ресей мен Тәжікстан арасындағы әуе қатынасы қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG