Ссылки доступа

Қырғыздың арнайы қызметі дөкей Дженгоның ұсталғанын хабарлады


Қылмыс әлемінде Дженго деген лақап атпен танымал Қадыр Досонов Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік қызметінің тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы ұлттық қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Дженго республиканың оңтүстік аймақтарындағы қылмыс әлеміне бақылау орнатқан делінеді.

Бұның алдында Досоновтың адвокаты Назгүл Суйунбаева Қадыр Досонов ұлттық қауіпсіздік қызметінің Ош облысындағы басқармасына өзі барды деп айтқан.

"Досонов ҰҚМК-нің Ош қаласы және Ош облысындағы басқармасына өзі барғанын алдын ала хабарлаймын. Ертең оны біреулер арнайы операция барысында ұсталды деп шығаруы мүмкін", - деп жазған адвокат.

10 ақпанда Ош қаласы мен Ош облысында Дженгоны іздестірген. Досоновқа 2020 жылғы қарашада аса ірі қылмыс аясында іздеу жарияланған.

Қадыр Досонов алғаш рет 2012 жылы Тәжікстанда ұсталған. Қырғызстанда оған есірткі сатты, адам ұрлады деген ауыр айыптар таққан. Бірақ Ош қалалық соты Досоновты ақтап шықты. Одан кейінгі жылдары Дженгоға бірнеше мәрте іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG