Ссылки доступа

Қырғызстан соты атышулы Матраимовқа 3 мың доллар айыппұл салды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты елдің мемлекеттік Кеден қызметінің төраға орынбасары болған Раимбек Матраимовқа 260 мың сом (3 мың доллар) көлемінде айыппұл салды. Оны коррупция (ҚК 319-1 бап) бойынша айыпты деп таныды. Сот бір отырыс ғана өткізіп шешім шығарды.

Сот сонымен бірге Бішкектегі және Оштағы пәтерлері мен Ыстық-Көлдегі коттеджін, Lexus 460 көлігі мен банк есепшоттарын тұтқыннан шығарды.

Раимбек Матраимовтың өзі айыбын мойындап, тергеу ісіне көмектесуге өз еркімен келісімге келгенін жеткізді. Азаттықтың қырғыз қызметінің ақпараты бойынша, 260 мың сом айыппұл төлеу туралы өтінішті мемлекеттік айыптаушы сұраған. Оның осыған дейін мемлекет қазынасына 2 млрд сом (23,6 млн доллар) қайтарғаны айтылған.

Сот шешімінен кейін Матраимов пен оның көмекшілері журналистердің сұрағына жауап берместен, сот залынан шығып кетті.

Матраимов мемлекетке 23,6 млн доллар қайтарған:

Азаттық радиосының Қырғыз қызметі Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге журналистік зерттеу жариялады. Онда қырғыз кеден жүйесі арқылы миллиондаған доллар шетелге шығарылғаны айтылды. Зерттеуде Кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Раимбек Матраимовтың есімі аталды.

17 қазанда Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Мемлекеттік кеден қызметіндегі жемқорлыққа қатысты іс ашып, 20 қазанда Раимбек Матраимовты ұстады. Сол күні Бішкек қаласының 1-май аудандық соты Матраимовты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

9 желтоқсанда АҚШ Райымбек Матраимовты "Магнитский актісі" тізіміне енгізді. Бұған сәйкес, оның АҚШ-тағы барлық мүлкі бұғатталады. Бұл тізімге Матраимовтың әйелі Уулкан Тургунова да кірді.

XS
SM
MD
LG