Ссылки доступа

Душанбе "халықтық" таксиді заңдастырмақ (видео)


Тәжікстанның көлік министрі арнайы лицензиясы жоқ таксистерді бар болғаны 5 сомониге заңдастыруды жоспарлап жатқанын мәлімдеді.

"Біз арзан таксистерге тыйым салған жоқпыз. Оларды заңдастырып, МАИ инспекторлары тоқтатпаудың жолын іздеп жатырмыз", - деді елдің көлік министрі Азим Иброхим.

Тәжікстанда заңға сәйкес, такси жүргізушілері 2016 жылдан жоғары шығарылған көліктері болса ғана арнайы лицензия ала алады.

Былтыр қазан айында елде арнайы тексеру жүргізіліп, көліктері ескі таксистерді жаппай ұстап, айыппұл сала бастаған. Қазір де МАИ қызметкерлері ескі көліктерді жүйелі түрде тоқтатып, тексереді.

Арнайы лицензиясы жоқ, ескі көліктермен жолаушы таситын таксистер әдетте арзан бағамен жеткізіп салады. Пандемия кезінде экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан елде тұрғындар үшін де арзан такси қолайлы болып тұр.

Как работают нелегальные такси в Душанбе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

XS
SM
MD
LG