Ссылки доступа

Өзбекстан президенті халыққа коронавирусқа қарсы вакцинаны егуді бастауды тапсырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кезекті үкімет отырысында халыққа коронавирусқа қарсы вакцинаны егуді бастауды талап етті.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, президент денсаулық сақтау министрлігіне бір ай ішінде тұрғындардың электронды тізімін дайындап шығуды тапсырды. Халыққа қай елдің вакцинасы салынатыны әзірге белгісіз.

Санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің төрағасы Ботыр Курбановтың айтуынша, наурыз айында елге вакцина жеткізіледі. Оның пікірінше, жыл соңына дейін 7 млн адамға, яғни халықтың 20 процентіне вакцина егіледі.

Өзбекстанда қазір қытайдың ZF2001 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Ресми емес ақпарат бойынша, Ресеймен "Спутник-V" вакцинасын алу туралы келіссөз оң нәтиже бермеген. Енді барлық үміт қытай вакцинасында.


XS
SM
MD
LG