Ссылки доступа

АҚШ сенатында айыптаушы тарап Трампқа қарсы аргументтер шығарды


АҚШ Сенатында елдің экс-президенті Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялау бойынша процесс өтіп жатыр. Бейсенбі күні айыптаушы тарап оған қарсы аргументтерін шығарды. Жұма және сенбі күндері экс-президентті қорғау тарабына сөз беріледі деп хабарлайды "Америка дауысы".

Өкілдер палатасы Трамптың президент өкілеттігінің аяқталуына бір апта қалғанда, қаңтар айында импичмент жариялауды ұсынған еді. Оны 6 қаңтарда Капитолийде бүлік ұйымдастыруға азғырды деп айыптап жатыр.

Айыптаушы ретінде сөз сөйлеген Өкілдер палатасының демократтары үш күн бойында Трампты Капитолийге шабуылға арандатушы ретінде дәлелдеуге тырысты.

Калифорниядан Конгресс мүшесі Дайана Дегетт 6 қаңтарда Трамптың митинг кезінде сөйлеген сөздерін мысалға келтіріп, дәлел ретінде сөйлеген сөздерінен видео үзінді көрсетті.

Дегетт Капитолийдегі оқиға әлем елдері алдында АҚШ беделіне нұқсан келтірді деп атап өтті.

Тағы бір конгрессмен Тед Лью Трамп Конгресс резиденциясына шабуылды бірде-бір айыптамады деді. Тіптен оның бүлік шығарғандарға тараңдар деп үн қатуында оларды қолдау мен аяушылық сезімі басым болды деді.

Айыптаушылар шабуыл елдің вице-президентіне, Өкілдер палатасының спикеріне, және мемлекеттің өзге де басшыларына қауіп төндіргенін айтты.

Бұл процестің ерекшелігі сол айыптау вердикті Трампты қызметінен алмайды. Ол Ақ үйден 20 қаңтарда кеткен. Бірақ демократтар Трампқа болашақта мемлекеттік қызметке келуіне тыйым салуға тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG