Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ: блогер Отабек Сатторидің ісін талқылағандар жауапкершілікке тартылады


Термез блогері Отабек Саттори

Өзбекстан ІІМ блогер Отабек Сатториге қарсы қылмыстық іс қозғалу жөнінде бұрыс ақпарат бергендер жауапкершілікке тартылады деп ескертті.

Министрліктің баспасөз хатшысы Шохрух Гиясовтың сөзінше, "Қоғамдық бақылау жөніндегі" заңға сәйкес, қоғамдық бақылау субъектілері мемлекеттік органдардың ісіне негізсіз килігіп, араласа алмайды.

БАҚ туралы заңға сәйкес, тергеу органдарының материалдарын жариялауға, соттың шешімін алдын ала болжауға тыйым салынады.

Осыған дейін Отабек Саттори 30 қаңтарда Термез қаласында ақша алу үшін бопсалады деп айыпталып, ұсталған.

Бұл айыптау бойынша сотта кінәлі деп табылса, блогер 10 жылға дейін еркінен ажыратылуы мүмкін.

40 жастағы Саттори Telegram және YouTube каналдары арқылы "Халық пікірі" деген видеоблог жүргізеді. Ол Сұрхандария облысы басшысы Туру Боболовты ашық сынап жүргенімен танымал.

XS
SM
MD
LG