Ссылки доступа

Елші: Сириядағы лагерлерде отырған тәжік әйелдері мен балаларын қайтаруға пандемия бөгет болды


В лагере "Аль-Холь

Сириядағы Әл-Холь және Родж лагерлерінде отырған тәжік әйелдері мен балаларын елге қайтаруға коронавирус пандемиясы кедергі жасады. Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Озоди радиосына осылай деп мәлімдеді.

"Біз әйелдер мен балаларды елге қайтару үшін жұмыс жасадық. Олардың көбі соғыс ошағына өз еркімен бармаған. Бірақ коронавирус пандемиясы оларды елге қайтаруға кедергі жасады. Соған қарамастан, Тәжікстан үкіметі азаматтарын қайтару үшін жұмыс жасай береді", - деді Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода.

8 ақпанда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жирмадан астам маманы 57 мемлекеттің үкіметін Сириядағы лагерлерден азаматтарын шығарып алуға үндеді. Лагерлерде негізінен әйелдер мен балалар тұрып жатыр. Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан лагерлерде 57 елдің 64 мың азаматы отыр. Олардың арасында Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Эстония азаматтары бар.

"Әл-Холь босқындар лагерінде Тәжікстанның 200-ден астам азаматы отыр. Сексен пайызы - балалар. Өкінішке орай, біз Сириядағы лагерлердің барлығында тәжік азаматтарын есепке ала алмадық. Бұған пандемия кедергі жасады", - деді тәжік елшісі.

2014 жылы "Ислам мемлекеті" тобы Сирия мен Ирактың бір бөлігін басып алып, Ислам халифатын жариялады. Ресми мәлімет бойынша, өзін халифат деп жариялаған аумаққа Тәжікстанның 2 мыңнан астам азаматы өткен.

XS
SM
MD
LG