Ссылки доступа

Ташкент түбіндегі Жаңа Ангрен ЖЭС-і тағы өртенді


Ново-Ангренская ТЭС.

11 ақпанға қараған түні Ташкент облысындағы Жаңа Ангрен жылу электр станциясында тағы да өрт шықты.

Жұмысшылардың айтуынша, бұл жолы төртінші электр блогы өртенген. Бұның алдында бесінші электр блогы жарылған.

– Өрт шамамен түнгі сағат екіде шықты. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Бұл уақытта ол блокта ешкім болмаған. Өртті сөндірді. Енді жұмысшылар станцияда жұмыс істеуге қорқып отыр, - деді жұмысшылардың бірі.

Жұмысшылардың айтуынша, өрт қазандықтың күйіп кетуінен шыққан.

– Қазандықтар өткен ғасырдың 80-жылдары орнатылған. Олар әбден ескірген. Қазақстандық көмірдің көп жылу бөлуінен қазандықтар шыдамай жатыр. Станцияда жұмыс істеу қауіпті болып тұр. Басшылыққа бірнеше мәрте айттық. Бірақ олар бұған назар аударғысы келмейді. 20 қаңтардағы оқиғадан соң тағы бірнеше өрт тіркелді. Станция басшылығы жұмысшыларды қорқытып қойған, – дейді жұмысшылардың бірі.

ЖЭС баспасөз хатшысы Мұхаммаджон Бекмұхамедов станцияның ондаған жұмысшысы айтқан мәліметті жоққа шығарды.

20 қаңтарда Жаңа Ангрен ЖЭС-індегі бесінші электр блогы жарылып, соның салдарынан үш жұмысшы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG