Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумды 11 сәуірде өткізуді ұсынды


Президент Садыр Жапаров Конституцияны өзгерту жөнінде референдум өткізу қажеттігін айтып, оны жергілікті кенеш сайлауымен бірге өткізуді ұсынды.

"Қазір біз ескі Конституциямен өмір сүріп жүрміз. Мен жергілікті кенеш сайлауын 11 сәуірде өткізу туралы жарлыққа қол қойдым. Депутаттар қолдаса, онда сол күні жаңа Конституция жөнінде референдум өтеді. Содан кейін біз жаңа Конституциямен өмір сүреміз", - деп мәлімдеді Жапаров.

8 ақпанда Садыр Жапаров жергілікті кенеш депутаттарын сайлауды 11 сәуірде өткізу туралы жарлық шығарды.

Былтыр қазан оқиғасынан соң билікке келген Садыр Жапаров жаңа Конституция қабылдау керек деген соң, 2020 жылғы қарашада Жогорку Кенеш сайтында жаңа Конституция жобасы жарияланды. Оны 80 депутат ұсынған.

Елде Конституциялық мәжіліс құрылып, ол қаңтардың соңында жаңа Конституция жобасын мақұлдады, құжатты Жогорку Кенешке жолдады.

Жаңа құжатта президент құзыреті ұлғайған: ол атқарушы билікті басқарады, министрлер кеңсесінің құрамы мен құрылымын анықтайды, президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесін жасақтайды, оларды басқарады.

XS
SM
MD
LG