Ссылки доступа

Қырғыз бас прокуратурасы: арнайы қызметтің бұрынғы басшысы Сегізбаевқа қатысты 6 қылмыстық іс ашылған


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Әбділ Сегізбаевқа қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, бірінші іс Белизгейт жанжалына қатысты ашылған. Екінші іс Кок-Жарда тұрғын үйге байланысты қозғалған. Үшінші іс үш қызметкерге қару сыйланғаны туралы. Төртінші іс Таш-Мойнок ауылындағы жерге қатысты. Бесінші іс арнайы қызмет басшыларының мемлекет есебінен шетелге іссапармен баруы туралы.

Бас прокуратураның хабарлауынша, алтын іс бар, бірақ оған қатысты тергеу құпия сақталады.

Арнайы қызметтің бұрынғы төрағасы Әбділ Сегізбаев биыл 25 қаңтарда ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сегізбаев пен оның туыстары істің "саяси астары" барын мәлімдеп отыр. Ол биыл 10 қаңтарда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына қатысып, бесінші орын алған.

XS
SM
MD
LG