Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-муфтиі Токтомушевті қолхатпен босатты (видео)


Максатбек ажы Токтомушев. Бишкек, 2018 г.

Қырғызстанның бұрынғы муфтиі Максатбек Токтомушев ешқайде кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 12 ақпанға қараған түні өткен сот осындай шешім шығарды.

1-май аудандық соты ғимаратының алдында қажының ондаған жақтасы жиналды. Олар Токтомушевті қамаудан босатуын талап етті.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы басшысы сот залында босатылды. Ол журналистер сауалдарына жауап бермеді.

Максатбек Токтомушев 10 ақпанда ұсталып, арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалған. Қызмет муфтияттағы жемқорлық әрекеттерге қатысты тергеу жүріп жатқанын, діни басқарманың бас бухгалтері ұсталғанын хабарлаған.

11 ақпанда муфтияттағы аалымдар кеңесі кезектен тыс отырыс өткізіп, муфтидің қызметтен кету туралы өтінішін қабылдады. Токтомушев бұл қызметтен өз еркімен кеткен.

47 жастағы Максатбек ТоктомушевҚырғызстан мұсылмандары діни басқармасын алты жыл басқарды.

XS
SM
MD
LG