Ссылки доступа

Бішкекте "Әділеттілік үшін!" бейбіт маршына жүздеген адам шықты


Бішкекте 14 ақпанда өткен "Әділеттілік үшін!" маршына 500-ден астам адам шықты. Олар Еркіндік даңғылынан Ала-Тоо алаңына дейін жүріп өтті.

Демонстранттар коррупциялық істерді ашық зерттеуді талап етіп, заңсыздыққа қарсы күресуге шақырды, сонымен бірге журналист Ұланбек Егизбаевты еске алды деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі. Маршқа қатысушылар "Біз елдің дамуын қолдаймыз!", "Біз жарқын болашақты қалаймыз!", "Біз елде заңдылықты қалаймыз!" деп үндеді. Қолдарында "Раимды ұстаңдар!" (Раимбек Матраимов) деген плакат болды.

Қырғызстанның Кеден қызметінің төраға орынбасары болған Раимбек Матраимов коррупция ісі бойынша айыбын мойындап, сот шешіміне сәйкес оған бар болғаны 3000 доллар айыппұл салды. Сотта оны мемлекетке 24 млн доллар қайтарды деп атап өтті. Бірақ Азаттық радиосының зерттеуі бойынша ол Қырғызстаннан кемінде 700 млн доллар қаржы шығарған.

Бейбіт маршы Бішкекте 4 қазандағы парламент сайлауынан кейін әр жексенбі сайын өтіп келеді. Сол кезде оппозициялық бірлестіктер дауыс берудің қорытындысына келіспей, наразылық акциясына шыққан.

Протесты в Бишкеке против переписывания Конституции: как это было
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00
XS
SM
MD
LG