Азаттықтың өзбек қызметіне аты-жөнін айтуды жөн көрмеген жас жігіт зауыт алдында кемінде жиырма мың адам жиналды деді.
"Адамдар Хазарасп, Шават, Багат және Хива қалаларынан келген. Зауыт ғимараты жабық тұрды. Жиналғандардың ешқайсысы ішке кіре алмады. Құқық қорғау органдарының өкілдері мұншалықты адамды жұмысқа алмайтынын айтып, тарауды талап етті", – деді жас жігіт.
"Артель" Өзбекстанда тұрмыстық техникалар шығаратын монополист компания болып саналады.
Жергілікті билік өкілі жиналғандармен сөйлескенін айтты.
"Адамдар бір-бірінен естіп келген. Жиналғандар барлық өңірден келген. "Артель" жеке компания. Олардың шаруасымен айналыса алмаймыз. Бірақ оларға болашақта жаңа жұмыс орны ашылатын болса, хабарлайтынымызды айттық", - деді әкімдік өкілі.
Өзбекстанның еңбек қатынасы министрлігінің мәліметі бойынша, елде жұмыссыздық деңгейі 13 проценттен асады.
Алайда хорезмдік блогер Шерзод Ботировтің сөзінше, жұмыссыздық ресми көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.