Ссылки доступа

Душанбе соты белгілі дін қызметкерін 5,5 жылға еркінен айырды


Сироджиддин Абдурахмонов (Эшони Сироджиддин).
Сироджиддин Абдурахмонов (Эшони Сироджиддин).

Тәжікстанда Эшони Сироджиддин деген атпен танымал дін қызметкері Сироджиддин Абдурахмонов 5,5 жылға сотталды.

"Азия-Плюс" агенттігі сот жүйесіндегі дереккөзіне сілтеме жасап Исмоили Сомони аудандық соты үкімді 12 ақпанда шығарды деп хабарлады.

Дін қызметкерін елінде тыйым салынған "Сәлафия" діни қозғалысын құрды деп айыптаған.

Аталған ұйымға 2009 жылы тыйым салынған.

Эшони Сироджиддин бірінші рет 2009 жылы ұсталған. Оны ұлт, діни араздық туғызды деп айыптап 7 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ ол 2013 жылдың жазына дейін отырып, рақымшылыққа ілінген.

XS
SM
MD
LG