Ссылки доступа

Үндістанда қыз-келіншектерді сексуалдық құлдыққа тартты деген күдікпен тәжік әйелі ұсталды


Душанбеде қыз-келіншектерді жезөкшелікке салып келді деген айыппен 36 жастағы әйел ұсталды. Бірақ ІІМ ол жайында нақты мәлімет бермеді.

ІІМ мәліметінше, күдікті әйел 33 жастағы келіншектің сеніміне кіріп, оны Үндістанға жұмысқа шақырған.

Келіншек оған сеніп, алданып қалған. Ол 2019 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін сексуалдық құлдықта болған.

Дәл осылай 29 жастағы Вахдат қаласының тұрғыны да жұмысқа тұрам деп, Делиге барып, алданып қалған.

Ұсталған күдіктіге қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG