Ссылки доступа

Өзбекстанда сүрілген үйлер иелерінің 55 пайызы өтемақы алмаған


Өзбекстан бас прокуратурасының қызметкері Әбдірахим Мұхиддиновтің мәлімдеуінше, елде сүрілген үйлер иелерінің 55 пайызы өтемақы алмаған.

— 2020 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, сүрілген үйлер мен алынған жерлерге төленетін өтемақы 443 млрд сум болды. Алайды былтыр тиісті мекемелер оның бар болғаны 202 млрд сумын төлеген, яғни сүрілген үйлер иелерінің 45 пайызы ғана өтемақы алған, — деді ол.

151,5 млрд сум ($14,4 млн) қолмақол ақшамен төленсе, 10,7 млрд сумға ($1,1 млн) жер телімі, 39,2 млрд ($3,7 млн) сумға мүлік берілген.

Дегенмен аймақтардағы әкімшіліктердің жылжымайтын мүлікті сүруге қатысты 196 қаулысының 76-сы бойынша өтемақы төленбеген.

XS
SM
MD
LG