Ссылки доступа

Тәжікстанда майнинг-фермалар ұйымдастырған төрт азамат ұсталды


Тәжік билігінің мәлімдеуінше, Тәжікстанның солтүстігінде биткоин секілді цифрлы валютаны "алған" немесе айналымға енгізген төрт азамат ұсталды.

Соғды облысы салық басқармасының бөлім басшысы Исроил Наимовтың хабарлауынша, Расулов ауданындағы Истаравшан және Жаббор қалаларында төрт азамат қамауға алынды. Оларға майнингтен түскен табысқа салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған.

Криптовалюталар, әсіресе биткоин, әлемнің көптеген елінде танымал болды. Жақында оның құны тағы да көтеріліп, қазір бір биткоин шамамен 49 мың доллар тұрады.

Исроил Наимовтың айтуынша, ұсталғандардың 234 компьютері мен жады карталары, сонымен бірге криптовалюта жинауға қажетті басқа да құрылғылары тәркіленген.

Салық мекемесіндегілердің мәліметі бойынша, олар осы құрылғылардың көмегімен күніне 520 сомони прибыли (шамамен 50 доллар) пайда тауып отырған, бірақ салық төлемеген.

Тәжікстанда криптовалютаның құқықтың жүйесі әлі реттелмеді, сол себепті елде криптовалютаға тыйым салынбаған.

Криптовалюта алғаш рет 1992 жылы пайда болды. Сол кезде оның болашағына күмәнмен қараушылар көп болды. Қазір криптовалюта айналымға жиі түсіп жүр.

XS
SM
MD
LG