Ссылки доступа

Бішкекте шекара мәселесіне қатысты наразылық акциясы өтті


15 ақпанда Қырғызстан астанасындағы Үкімет үйі алдында мемлекеттік шекараға қатысты наразылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға келген отыз жақты адам Баткен және Жалал-Абад облыстарының тұрғындары екенін айтты. Олар үкіметтен шекара мәселесінің тезірек шешілгенін, көрші елдермен келіссөздерге қатысты ақпараттың жариялануын талап етті.

12 ақпанда Баткен облысындағы Ак-Сай ауылында шамамен 50 адам жиналып, тәжік шекарашылары 8 ақпаннан бастап Тандыр жайлауын бақылауға алғанын, онда ауыл тұрғындарын жібермей жатқанын айтты.

Сол күні Жалал-Абад облысының Ала-Букин ауданында жергілікті тұрғындар мен Шекара қызметінің өкілдері кездесті. Олар Кош-Болот жеріне қатысты мәселені талқылады. Жергілікті тұрғындар өзбек шекарашылары қоршау орнатқан соң, жайылым тарылды деп шағымданды.

Қырғыз-тәжік шекарасы 976 шақырым болады, соның 519 шақырымы анықталған.

Қырғыз-өзбек шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр. Соның 85 пайызының мәртебесі анықталған.

XS
SM
MD
LG